Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстаннан шыққан тұңғыш паралимпиада чемпионы үш жылға жарыстардан шеттетілді

Опубликовано:

Александр Колядин
Александр Колядин. Фото: prosports.kz

Пхенчханда өткен Паралимпиада ойындарының жеңімпазы, шаңғышы Александр Колядин допингке қарсы ережелерді бұзғаны үшін жарыстардан шеттетілді деп хабарлайды Sports.kz.

Қазақстанның допинге қарсы ұлттық орталығының ақпаратынша, Александр Колядиннің 2020 жылдың 9 желтоқсанында алынған сынамасынан тыйым салынған зат - мельдоний іздері табылған.

Спортшы осы үшін 2021 жылдың 13 қаңтарынан бастап 2024 жылдың 13 қаңтарына дейін, үш жылға спорттан шеттетілген.

Айта кетсек, Александр Колядин 2018 жылы Пхенчханда өткен Паралимпиада ойындарында чемпион болған алғашқы және жалғыз қазақстандық спортшы.

Ол 1,5 шақырымдық жарыста мәреге бірінші келді.

Еске сала кетсек, бұған дейін ауыр атлет Ниджат Рахимов допингке қарсы ережелерді бұзғаны үшін жарыстардан уақытша шеттетілгенін жазған едік.

Алайда Рахимов допинг сынамасының нәтижесімен келіспейтінін, өзгенің кінәсін өз мойнына алмайтынын айтып, мәлімдеме жасаған болатын.

Сонымен бірге допинг дауына ілінген қазақстандық танымал футболшы Бауыржан Исламхан да 2020 жылдың 9 қарашасынан бастап екі жылға спорттан шеттетілген еді.

Кейінірек, Қазақстан құрамасының капитаны ешқашан спорт режимін бұзбағанын айтып, жанкүйерлерінен өзіне қолдау көрсетуді өтінген болатын.

Исламхан өзінің кінәсіз екенін дәлелдеуді жалғастырып, бұл шешімге міндетті түрде шағым түсіретінін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1898173-tungys-qazaqstandyq-paralimpiadasy-doping-erezesin-buzgany-usin-zarystan-settetildi/

pixel