Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанның Кәсіпқой бокс федерациясына жаңа басшы сайланды

Опубликовано:

Қайрат Реимов
Қайрат Реимов. Фото: ҚКБК баспасөз қызметі

Бұл туралы бүгін Алматыда өткен федерацияның атқарушы комитетінің ашық отырысында белгілі болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қазақстан Кәсіпқой бокс федерациясы президентінің міндетін атқарушы болып кәсіпкер Қайрат Реимов сайланды.

Оның кандидатурасын федерация мүшелері бір ауыздан қолдады. Соңғы алты жыл бойы ұйымды басқарған медиаменеджер Ерлан Бекхожин бұл қызметтен өз еркімен бас тартқан.  

«Қазақстан Кәсіпқой бокс федерациясының президенті міндетін атқарушы лауазымын  Қайрат Реимовтің кандидатурасын Федерацияның құрметті президенті Серік Қонақбаев ұсынды. Атқарушы комитеттің өзге мүшелері жаңа басшының кандитатурасын қолдап, дауыс берді. Ұйымның жаңа жетекшісі Қазақстан Кәсіпқой бокс федерациясының алдағы тұжырымдамасын ұсынды», - делінген хабарламада. 

Алдағы уақытта Федерацияның атқарушы комитетінің құрамын кеңейту, атқарушы комитет жұмысын жандандыру, кәсіпқой бокс шеберлерінің құқықтық және әлеуметтік мәртебесін қамтамасыз ету, сондай-ақ олардың денсаулығы мен күтіміне назар аудару, оларды Қазақстан аумағында да шет мемлекеттерде де толыққанды қолдау жүзеге асырылады. 

Қазақстандағы кәсіпқой бокс шеберлерінің турнирін қайтадан өткізіп, кәсіпқойларды іріктеу жоспарда бар. 

"Қазақстан аумағында кәсіпқой бокс тақырыбына түрлі форумдар, семинарлар мен шеберлік сыныптарын ұйымдастыру және Қырғызстан, Түркіменстан, Тәжікстан, Ауғанстан және Иран елдерімен бірігіп Орталық Азия елдерінің кәсіпқой бокс федерациясын құруға бастамасы көтеріледі", - делінген Қазақстан Кәсіпқой бокс федерациясы таратқан хабарламада. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1898819-qazaqstannyn-kasipqoi-boks-federaciyasyna-zana-bassy-sailandy/

pixel