Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Акробат Жанбота Алдабергенова халықаралық турнирде жеңімпаз атанды

Опубликовано:

Жанбота Алдабергенова
Жанбота Алдабергенова. Фото: Қазақстан Ұлттық олимпиада комитеті

Фристайл-акробатикадан қазақстандық спортшы Жанбота Алдабергенова Солтүстік Америка кубогында жеңіске жетті деп хабарлайды Olympic.kz.

Турнир АҚШ-тың Юта штатында өтіп жатыр. Қазақстан командасының өкілі Алдабергенова 85,68 балл жинап, алтын медальді қанжығасына байлады. Екінші орынды АҚШ спортшысы Таиса Таннер иеленді. Үздік үштікті канадалық Жюстин Элли тұйықтады.

Қазақстандық Ақмаржан Қалмұрзаева алтыншы орыннан көрінсе, Аяна Жолдас жетінші болып келді.

Еске салсақ, 7 ақпанда Жанбота Алдабергенова АҚШ-та фристайл-акробатикадан әлем кубогы кезеңінде бесінші орын алды. Отандасымыз 71,92 балл жинаған.

Қазақстандық фристайлшы Жанбота Алдабергенова 1995 жылы 23 қыркүйекте Шымкентте туған. Ол – Еуропа кубогы кезеңдерінің бірнеше дүркін жеңімпазы, Еуропаның екі дүркін абсолютті чемпионы, әлем кубогының бірнеше кезеңінің жүлдегері.

Жанбота Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де құқықтану мамандығында оқиды. Сабақтан бос уақытын жаттығулар мен спорттық жиындарда өткізеді.

Еске сала кетсек, Қазақстан Кәсіпқой бокс федерациясы президентінің міндетін атқарушы болып кәсіпкер Қайрат Реимов сайланған еді.

Оның кандидатурасын федерация мүшелері бір ауыздан қолдады. Соңғы алты жыл бойы ұйымды басқарған медиаменеджер Ерлан Бекхожин бұл қызметтен өз еркімен бас тартқан.  

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1898876-akrobat-zanbota-aldabergenova-halykaralyk-turnirde-zeimpaz-atandy/

pixel