RU

Головкин басқа қарсыластарынан Альварес несімен ерекше екенін айтты

Головкин мен Альварес
Геннадий Головкин мен Сауль Альварес. Фото: Ethan Miller/Getty Images

Қазақстандық әлем чемпионы Геннадий Головкин Сауль Альварестің барлық қарсыластардан несімен ерекшеленетіні туралы айтты. Боксшыдан DAZN стримингтік платформасы сұхбат алды деп жазады Sports.kz.

Головкин "Канело" оның мансабындағы ең тәжірибелі қарсылас болды деп санайды.

"Менің бұрынғы қарсыластарыма қарағанда оның тәжірибесінің әлдеқайда мол екені сөзсіз. Оның шеберлігі жоғары деңгейде болды. Барлық шеберлік, күш, жылдамдық, дайындық, жастық – мұның бәрі оны басқа қарсыластардан ерекше етеді", – деп түсіндірді GGG.

Айта кеткен жөн, Головкин мен Альварес шаршы алаңда екі рет бетпе-бет келді. Бірінші жекпе-жек тең нәтижемен аяқталды. Екінші шайқаста қазақстандық былғары қолғап шебері жеңілістің ащы дәмін сезді.

GGG-дің мансабындағы алғашқы жеңілісіне себепкер болған – Сауль Альварес. Бірақ көптеген жанкүйер мен сарапшы төрешілер шешімін даулы деп санайды.

"Канелоның" да бір жеңілісі бар. 2013 жылы мексикалық боксшы Флойд Мейвезерден ұпай санымен жеңіліп қалған еді.

Еске салсақ, бокс жайлы жазатын шетелдік сайттың маманы қазақстандық былғары қолғап шебері Геннадий Головкинді мансабын аяқтауға шақырды.

Ол GGG-дің қандай проблемалары бар екенін, оған қоса неліктен оның спорттан кеткені жөн екенін айтты. Джошуа Айсард отандасымыздың кезекті мәрте жеткен жеңістеріне және орта салмақтағы әлем чемпионына екеніне қарамастан, "қолғабын шегеге ілетін кез келді" деп санайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1898955-golovkin-basqa-qarsylastarynan-alvares-nesimen-erekse-ekenin-aitty/