Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жарақат алып қалған Жәнібек Әлімханұлы рингке қашан оралатынын айтты

Опубликовано:

Жәнібек Әлімханұлы
Жәнібек Әлімханұлы. Фото: instagram.com/janibek_alimkhanuly

Жақында жарақат алып қалған қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы шаршы алаңға қайта оралатын уақытты атады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы былғары қолғап шебері Instagram әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында жазды.

"Жарақатқа алаңдап, жанашырлық танытып, тілеулестігін білдіріп жатқан барша жанкүйерлерге ерекше алғыс айтқым келеді. Сіздер өте көпсіздер. Маған сенесіздер. Оны өте жақсы білемін.

Қазір елдеміз. Жарақатты емдеуді бастап кеттік. Бел енді бұрынғыдан да мықты болады! Бұл жарақаттың қазір шыққаны дұрыс болды. Чемпиондық жекпе-жек алдында болса қиналып қалар едік. Бізге ненің қайырлы екенін Алла жақсы біледі. Әр жағдайда Аллаға шүкір!

Бұйыртса мамыр айында рингке оралуға дайын боламыз! Рингті сағындым!" - дейді Жәнібек Әлімханұлы.

Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы соңғы рет шаршы алаңға 10 қазанда шықты.

Ол аргентиналық қарсыласы Гонсало Корияны екінші раундта нокаутқа түсірді. Соның арқасында боксшы WBO рейтингінің үздік үштігінен көрінді.

Еске сала кетейік, жеңіліп көрмеген тағы бір отандасымыз Жанқош Тұраровтың рингке қай күні оралатыны және келесі қарсыласының кім екені белгілі болды.

Боксшының келесі жекпе-жегі 12 наурызда Біріккен Араб Әмірліктерінде өтпек. Қазақстандық былғары қолғап шеберінің қарсыласы британдық Тайрон Маккенна.

Ол 21 жеңіске жетіп, екі рет жеңіліс тапқан. Ал Жанқош мансабында 24 рет жеңіске жеткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1899147-zaraqat-alyp-qalgan-zanibek-alimxanuly-ringke-qasan-oralatynyn-aitty/

pixel