Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Көптен күткен жекпе-жек": Қанат Ислам алдағы кездесуі туралы айтты

Опубликовано:

Қанат Ислам
Қанат Ислам. Фото: instagram.com/islamkanatqazaq

Мансабында әлі жеңіліп көрмеген танымал қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам 20 ақпанда рингке оралатынын мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қанат Ислам жақын арада шаршы алаңға оралатыны туралы ақпаратты Instagram-дағы ресми парақшасында жариялады.

Отандасымыз Майамиде Гана елінің боксшысы Ободая Саиға қарсы өнер көрсетеді.

"Қуанышты хабар! 20 ақпан 21:00-де (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 21 ақпан 9:00-де) көптен күткен жекпе-жек өтеді! Сіз осыны қанша уақыт күткеніңізді білеміз!", – деп жазды ол видео сипаттамасында.

Қанат Ислам кәсіпқой бокстағы мансабында 27 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Ал 21 жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтаған. Дегенмен ол 2019 жылдың қазан айынан бері кездесу өткізбеген.

Ал қарсыласы Ободая 38 мәрте жұдырықтасып, оның 35-інде жеңіске жетіп, 3 рет жеңілген, 1 жекпе-жекті тең нәтижемен аяқтаған.

Айта кеткен жөн, Гана спортшысы да рингте ұзақ уақыт шықпаған. Ол соңғы рет 2019 жылдың тамыз айында Конгода өнер көрсеткен.

Еске сала кетсек, кәсіпқой бокста ел намысын қорғап жүрген тағы бір отандасымыз Жәнібек Әлімханұлы шаршы алаңға қашан оралатынын айтқан еді.

Боксшының сөзінше, ол мамыр айында рингке оралмақ. Негізі Жәнібек Әлімханұлы 27 ақпанда Алматыда жекпе-жек өткізуі керек болатын. Алайда оның командасы боксшының жарақат алып қалғанын хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1899493-kopten-kutken-zekpe-zek-qanat-islam-aldagy-kezdesui-turaly-aitty-video/

pixel