Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қанат Исламның қарсыласы жекпе-жекке бір күн қалғанда ауысты

Опубликовано:

Қанат Ислам
Қанат Ислам. Фото: instagram.com/islamkanatqazaq

Қазақстандық орта салмақтағы боксшы Қанат Исламның АҚШ-тың Майами қаласында өтетін жекпе-жегі қарсаңында бұған дейін хабарланған қарсыластың орнына өзге спортшы шығатыны белгілі болды.

BoxRec.com сайтының хабарлауынша, енді Қанат Исламға қарсы шаршы алаңға Джейсон Минда есімді эквадорлық боксшы шығады, алайда бұған дейін отандасымыз Гана боксшысы Ободаи Саиға қарсы жекпе-жек өткізетіні туралы хабарланған болатын.

Жекпе-жек бұған дейін бекітілген ережелер бойынша өтеді және 10 раундқа созылатыны белгілі болды. Атаулы жұдырық түйістіру кешіне бір күн қалғанда қазақстандықтың қарсыласы неліктен ауысқаны туралы ақпарат айтылмады.

Бұған дейін мансабында әлі жеңіліп көрмеген танымал қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам 20 ақпанда рингке оралатынын мәлімдеген болатын.

Отандасымыз қуанышты жаңалығымен өзінің әлеуметтік желіде парақшаларының бірінде бөліскен еді.

Қанат Ислам кәсіпқой бокстағы мансабында 27 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Ал 21 жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтаған. Дегенмен ол 2019 жылдың қазан айынан бері кездесу өткізбеген.

Еске салсақ, жақында жарақат алып қалған қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы шаршы алаңға қайта оралатын уақытты атады.

Жәнібек Әлімханұлы соңғы рет шаршы алаңға 10 қазанда шықты. Ол аргентиналық қарсыласы Гонсало Корияны екінші раундта нокаутқа түсірді. Соның арқасында боксшы WBO рейтингінің үздік үштігінен көрінді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1899936-qanat-islamnyn-qarsylasy-zekpe-zekke-bir-kun-qalganda-auysty/

pixel