Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Канело, vamos": Қанат Ислам Сауль Альваресті жекпе-жекке шақырды

Опубликовано:

Қанат Ислам
Фото: Instagram/islamkanatqazaq

Жеңіліс көрмеген қазақстандық боксшы Қанат Ислам Сауль "Канело" Альвареске үндеу жолдады. Ол мексикалық спортшыны жекпе-жекке шақырды.

Қанат Ислам эквадорлық Джейсон Минданы уақытынан бұрын жеңіп кеткен соң, Сауль Альвареске үндеу жолдады.

Отандасымыз келесі қарсыласы ретінде Канелоны көргісі келетінін ашық айтты.

"Канеломен жұдырықтасқым келеді. Болды. Канело, vamos. Сен мені көріп тұрсың, сен бақыттысың, сен мені жақсы көресің. Жекпе-жекке шық" , - деді боксшы.

Еске сала кетейік, бүгін таңертен Нұр-Сұлтан уақытымен Қанат Ислам мен эквадорлық Джейсон Минданың арасында жекпе-жек өтті. 12 раундқа жоспарланған кездесу жетінші раундта өз мәресіне жетті.

Бұл Қанат Исламның кәсіпқой бокстағы 28-жеңісі болып табылады. Қазақстандық боксшы әлі мүлдем жеңіліп көрмеген.

Айта кетерлігі, Қанат Ислам бастапқыда ганалық Ободаи Саимен жұдырықтасу керек болған. Алайда, жекпе-жекке бір тәулік қалғанда оның қарсыласы ауысып кетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1900043-kanelo-vamos-kanat-islam-saul-alvaresti-zekpe-zekke-sakyrdy/

pixel