Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Роналдиньоның анасы коронавирустан көз жұмды

Опубликовано:

фото
Роналдиньо және оның анасы Дона Мигелина Фото: Getty Images

21 ақпан күні әйгілі бразилиялық футболшы Роналдиньоның анасы қайтыс болды деп хабарлайды Eurosport.ru.

Басылым мәліметінше, Дон Мигелина Элои Ассис дос Сантос коронавирус инфекциясынан кейінгі асқынулардан 71 жасында көз жұмған.

Роналдиньоның өзі анасының өмірден өткеніне қатысты пікір білдірмеген, алайда Тwitter парақшасында ақ-қара түсті сурет қойған.

Сонымен қатар бразилиялық футболшы өнер көрсеткен "Барселона" клубы да әлеуметтік желіде ойыншыға көңіл айтқан.

Айта кетейік, 2020 жылдың желтоқсанында Роналдиньо анасының COVID-19 салдарынан жансақтау бөліміне түскенін хабарлаған еді.

Ал 2007 жылы Дон Мигелина ұлымен бірге әйгілі Lay's қытырлағының жарнамасына түскен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1900133-ronaldinyonyn-anasy-koronavirustan-koz-zumdy/

pixel