Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қиын шешіммен жеңді": Димаш Ниязовтың жекпе-жегіне қатысты сарапшы не дейді

Опубликовано:

Димаш Ниязов
Димаш Ниязов. Фото: Stephen McCarthy/Sportsfile via Getty Images

Батыс журналисті Райан Сонгалия АҚШ-тағы қазақ ұлтының өкілі Димаш Ниязовтың соңғы жекпе-жегі туралы пікір білдірді.

Сарапшы төрешілердің шешімін даулы деп санайды.

Журналист Димаш Ниязов пен Джонатан Годойдың жекпе-жегі туралы өзінің Twitter-дегі парақшасында пікір білдірді. Онда ол қазақ-полицей үшін жұдырық түйістіру барысы өте ауыр болғанын және бірнеше рет соққылар жіберіп алғанын жазды.

"Димаш Ниязов 4-ші раундта Годойдың бірнеше рет оң қолмен жұмсаған жойқын соққыларын қабылдап алды, содан кейін 5-ші раундта тағы бір соққы жіберіп алды. Оның осал тұсын табу өте оңай болды", – деп жазды Сонгалия.

Жекпе-жек аяқталғаннан кейін сарапшы өз парақшасында тағы бір жазба қалдырды.

"Ниязов Годойды бірауыздан қабылданған өрескел шешіммен жеңді", – деп жазды журналист.

Еске салсақ, бұған дейін Нью-Йорктегі қазақ-полицей Димаш Ниязов америкалық мегаполистің орталығында бейбіт митинг ұйымдастырғаны туралы жазған едік. Оған қатысушылар атышулы "Борат" фильмінің екінші бөліміне қарсы шыққан болатын.

Сонымен қатар, қазақстандық боксшы Қанат Ислам (27-0, 21 КО) АҚШ-тың Флорида штатындағы Майамиде өткен бокс кешінде қарсыласын нокаутпен жеңді.

Қанат Ислам эквадорлық Джейсон Минданы уақытынан бұрын жеңіп кеткен соң, Сауль Альвареске үндеу жолдады. Отандасымыз келесі қарсыласы ретінде Канелоны көргісі келетінін ашық айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1900207-qiyn-sesimmen-zendi-dimas-niyazovtyn-zekpe-zegine-qatysty-sarapsy-ne-deidi/

pixel