Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбелік шенеунік гір көтеруден ел чемпионы атанды (фото)

Опубликовано:

Евгений Гончаров111
Фото: instagram.com/goncharov_one

Ақтөбе қаласында гір спортынан ересектер арасында ел біріншілігі аяқталды. Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Евгений Гончаров алтын медаль алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақтөбеде Гір және қол күресінен Қазақстан чемпионаты өтті. Жастар және ересектер арасында өткен додаға еліміздің барлық аймағынан білекті спортшы қатысқан.

Олардың арасында әлемнің бірнеше дүркін чемпионы, халықаралық, республикалық додалардың жеңімпаздары бар.

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы баспасөз қызметінің жетекшісі Ерлан Мұқанның айтуынша, ерлер мен әйелдер 11 салмақ дәрежесі бойынша сынға түскен.

Жастар арасында ерлер 7, ал қыздар 4 салмақта өзара мықтыны анықтаса, армрестлингтен ерлер 10 салмақ, әйелдер 9 салмақ бойынша күш сынасқан.

"Жарыс Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы мен Қажымұқан Мұңайтпасұлының 150 жылдығына орайластырылған. Ақтөбе облысының қоржынында 2 алтын, бір қола бар. Ерлер арасында Евгений Гончаров І-орынды, Айтқали Балтабаев ІІІ-орынды иеленді. Әйелдер арасында І-орынды Алмагүл Шамгонова алды", - дейді Ерлан Мұқан.

Айта кетейік, бұған дейін 30 жасында кәсіп бастап, ісін дөңгелетіп отырған ақтөбелік Ерлан Тобағабылов туралы жазған едік.

Қарапайым шаштараз болып бастаған Ерлан бүгінде өз шаштараз орталығын ашып алған.

Одан бөлек кәсіпкер жақындарымен шағын шаруа қожалығын салып, мал өсіруді қолға алған. Ерланның айтуынша, ебін тапсаң, малда пайда бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1900473-aqtobelik-seneunik-gir-koteruden-el-cempiony-atandy-foto/

pixel