Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлемдегі ең әдемі волейболшы: Ресейлік қыз Сабина Алтынбекованы басып озды

Опубликовано:

Алиса Маненок
Алиса Маненок. Фото: instagram.com/lis_manyonok

Gazzetta грек басылымы қазақстандық Сабина Алтынбекованы әлем бойынша ең әдемі волейболшы атағынан айырды. Отандасымыздың орнына 25 жастағы ресейлік Алиса Маненок ұсынылған деп хабарлайды Sports.kz.

Алиса бала күнінен спортпен айналысқан. Бастапқыда жүзуге барса, кейінірек волейболмен шұғылданған.

Ол Н. Н. Дубинин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттің тәрбиеленушісі атанып, "Приморье" командасында ойнай бастаған. Бастапқыда кіші құрамда, кейін ересектер командасы үшін өнер көрсеткен.

Маненок Казань федералды университетінің журналистика және социология факультетіне түскен кезде ЖОО құрамасы сапына қабылданған.

Алиса спортты сәнбикелік бизнеспен бірге алып жүруге шешім қабылдап, әртүрлі сән шоулары мен көрсетілімдерге жиі қатыса бастаған.

Жас қыз қатысқан ең ірі сайыстардың бірі 2019 жылы Филлипинде өткен "Жер аруы" байқауы болған.

Бойжеткен сайыста Беларусьтің атынан өнер көрсетіпті. Оның бұл елдің атынан шығуына әкесінің осында өмірге келуі және туыстарының көпшілігі тұруы себеп болған.

"Бұл менің тарихи отаным", - дейді Маненок.

Байқау нәтижесінде ол төртінші орынға ие болып, қазылар алқасы оған "От ару" титулын берген.

Қазір Алиса Казаньда тұрады. Казань университетінің волейбол құрамасында өнер көрсетеді. Сонымен бірге модель болып жұмыс істеп, әртүрлі сән көрсетілімері мен шоуларға қатысады.

Оның Instagram парашасына 98 мыңнан астам адам жазылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1900776-alemdegi-en-ademi-voleibolsy-reseilik-qyz-sabina-altynbekovany-basyp-ozdy/

pixel