Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жанқош Тұраровтың титулдық жекпе-жегінің датасы өзгерді

Опубликовано:

Жанқош Тұраров
Жанқош Тұраров. Фото: instagram.com/zhankoshturarov

Жеңіліп көрмеген қазақстандық кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров (24-0, 17КО) кезекті жекпе-жегін "Алып кельт" лақап атымен танымал британиялық Тайрон Маккенаға (21-2-1, 6КО) қарсы өткізеді деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кездесуде отандасымыз жартылай орта салмақ дәрежесіндегі WBO Inter-Continental чемпионы атағын қорғайтын болады.

Әуелде бұл жекпе-жек Дубайда (БАӘ) 12 наурызда өтеді деп жоспарланған еді. Бүгінде 3 сәуірге ауысқаны белгілі болып отыр. Өтетін орны өзгермеген.

Бокс кешінің негізгі жекпе-жегі екінші жартылай жеңіл салмақтағы WBO чемпионы, америкалық Джамел Херринг (22-2, 10КО) пен жартылай жеңіл салмақтағы IBF экс-әлем чемпионы, британиялық Карл Фрэмптон (28-2, 16КО) арасында өтеді.

Жанқош Тұраров үшін бұл 2019 жылдың шілдесінен бергі алғашқы жекпе-жек. Сол кезде ол Нұр-Сұлтанда аргентиналық боксшы Мауро Максимилиано Годойды (32-6-1, 17КО) үшінші раундта нокаутқа жіберген болатын.

Еске салсақ, бұған дейін тағы бір қазақстандық боксшы Қанат Ислам (27-0, 21 КО) АҚШ-тың Флорида штаты Майами қаласында өткен бокс кешінде қарсыласын нокаутпен жеңген еді.

Алғашқыда отандасымыз ганалық Ободай Саимен (35-3-1, 26 КО) жұдырықтасуы тиіс болған еді. Алайда африкалық боксшының жекпе-жекке қатыспайтыны анықталып, оның орнына эквадорлық Джейсон Минда шықты.

Жекпе-жектен кейін Қанат Ислам әйгілі мексикалық боксшы Сауль Альвареске үндеу жасады. Отандасымыз оны келесі қарсыласы ретінде көргісі келетінін ашық айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1900852-zanqos-turarovtyn-tituldyq-zekpe-zeginin-datasy-ozgerdi/

pixel