Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шешенстандық файтер төрешілермен келіспей, қарсыласының жеңісін мойындады

Опубликовано:

Видеодағы кадр
Видеодағы кадр: youtube.com/ACA MMA

Өткен демалыс күндері Шешенстан Республикасындағы "Толстой-Юрт" аренасында АСА Young Eagles 17: Grand Prix турнирі аясында жекпе-жек ұйымдастырылды. Төбелес кешінің толық видеосы ACA YouTube арнасында жарияланды деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан.

Екі файтер арасындағы кездесу жоспарланған үш раундқа созылған.

Нурматов тік тұрып төбелесуде қарсыласынан басым болды. Ол яқ пен шынтақты пайдаланып, жойқын соққыларын дарыта білді. Комментаторлар қырғызстандықтың дәл соққыларын атап өтіп, жерде иелік етуде қарсыласынан басым болғанын айтты.

"Мұнда бәрі анық! Әділет Нұрматов жеңімпаз атанды. Ол қарқынды жекпе-жек көрсетті", – деді комментаторлар нәтижені жарияламас бұрын.

Алайда төрешілер өзгеше шешім қабылдап, Абдурзаковты жеңімпаз деп атады. Ол шешіммен келіспей, ашулана бастады.

Біраз уақыттан кейін жүргізуші төрешілермен сөйлесіп, қырғызстандықтың жеңісін жариялады. Осылайша, Нурматов жеңіл салмақтағы гран-придің ширек финалисті атанды.

Шадид Абдурзаков кәсіби мансабын 2018 жылы бастаған. Бүгінгі күнге дейін ол үш жекпе-жек өткізіп, екеуінде жеңіске жеткен.

Кәсіпқой мансабында жеңіліп көрмеген қазақстандық кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров (24-0, 17КО) кезекті жекпе-жегін "Алып кельт" лақап атымен танымал британиялық Тайрон Маккенаға (21-2-1, 6КО) қарсы өткізеді.

Әуелде бұл жекпе-жек Дубайда (БАӘ) 12 наурызда өтеді деп жоспарланған еді. Бүгінде 3 сәуірге ауысқаны белгілі болып отыр. Өтетін орны өзгермеген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/1901024-sesenstandyq-faiter-toresilermen-kelispei-qarsylasynyn-zenisin-moiyndady/

pixel