RU

Головкиннің қарсыласы және жекпе-жек өтетін күн белгілі болды

Геннадий Головкин
Геннадий Головкин. Фото: Getty Images/ FREDERIC J. BROWN / Contributor

IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) мексикалық Хайме Мунгиамен (36-0, 29 КО) жұдырықтасады деп жазады Sputnik Қазақстан.

Ringpolska порталы таратқан мәліметке сәйкес, жекпе-жек 7 мамырда АҚШ-тың Техас штатында өтеді. Оны DAZN платфорамасы көрсетеді.

Мексикалық Хайме Мунгианың жасы – 24-те. Бұрын супер орта салмақтағы чемпион болған. Ал өткен жылы қаңтар айында орта салмаққа түсіп, екі жекпе-жек өткізді. Екеуінде де жеңіске жетті. Алдымен ирландиялық Гэри О'Салливанды жеңсе, одан кейін Багам аралдарынан келген Туреано Джонсоннан басым түсті.

Ал Головкин  Сауль Альвареске қарсы үшінші жекпе-жекті күтпейді. Себебі Канело супер орта салмаққа ауысып кетті. WBO чемпионы Деметриус Андрадемен жұдырықтасуға мүмкіндік жоқ. Америкалық боксшы өз титулын британдық Лиам Уильямсқа қарсы жекпе-жекте қорғауға міндеттелген.

Айта кетейік, осыған дейін "Жетісу" футбол клубының ойыншысы Алексей Михайлов жайлы жазған едік. Ол ел арасында қазақ тілін жетік меңгерген футболшы ретінде танылып үлгерген. Абай Құнанбайұлының өлеңдерін жатқа оқиды. Алексей тіпті ислам дінін қабылдап, намазға жығылған.

"Көршілеріміз кіл қазақтар еді. Аулада ойнасақ та, қуансақ та, жыласақ та қазақша тілдесетінбіз. Ағам екеуміз соларға ілесіп жүріп меңгеріп алдық. Тіпті мектепте оқып жүргенімде Абай өлеңдерін мәнерлеп оқу сайысына қатысқанмын. Ұлы ақынның көптеген өлеңін жатқа білемін", - деп ағынан жарылған еді спортшы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1901817-golovkinnin-qarsylasy-zane-zekpe-zek-otetin-kun-belgili-boldy/