Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Күрес түрлері бойынша Италиядағы халықаралық жарыс еліміз үшін сәтті аяқталды

Опубликовано:

Күресу сәті
Фото: Хабар 24

Күрес түрлері бойынша Италиядағы халықаралық жарыс өз мәресіне жетті деп хабарлайды "Хабар 24" арнасы.

Халықаралық жарыста ел қоржыны 3 алтын, 3 күміс және 4 қоламен толықды. Жарыстың соңғы күні еркін күрес шеберлері өзара мықтыны анықтаған. Ұлттық құрама жалпы есепте екінші орын алды. Әсіресе 57 келідегі Нұрислам Санаев, 61 келідегі Адлан Асқаров және 79 келіде сынға түскен Ғалымжан Өсербаевтар қарсылас шақ келірмеді. Дәулет Ниязымбетов, Эльдар Асадов, Жүсіп Батырмырзаевтар финалда есе жіберді. Ал қола жүлде Данияр Қайсанов, Нұрқожа Қайпанов, Есқали Дәулетқазы және Әлішер Ерғалиге бұйырды.

Айта кетейік, осының алдында классиктеріміз бен қыздарымыз да жақсы өнер көрсетіп, жалпы есепте үздік үштіктен табылған еді. Маттео Пелликоне атындағы турнир рейтингілік бәсеке. Яғни мұнда Олимпиада жолдамасына қажетті ұпайлар беріледі.

Еске салайық, қазақстандық әлем чемпионы Елдос Сметов Ташкентте өтіп жатқан Grand Slam турнирінің күміс жүлдегері атанды.

Рио олимпиадасында күміспен күптелген Е.Сметов 60 келіде финалда жапониялық, әлем чемпионатының екі дүркін жүлдегері Рюдзю Нагаямамен татамиге шықты. Қарсыластар бұған дейін өзара бір рет кездесіп, 2019 жылы әлем біріншілігінде Елдос ұтылып қалған еді. Дүниежүзілік рейтингте көш бастап келе жатқан жапониялық дзюдошы бұл жолы да ширақ қимылдап, вазари әдісімен жеңіске жетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/1902370-kures-turleri-boiynsa-italiyadagy-xalyqaralyq-zarys-elimiz-usin-satti-ayaqtaldy/

pixel