Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Головкин UFC жұлдыздарымен кездесті (фото)

Опубликовано:

Головкин
Фото: instagram.com/vladsamoi6355

IBF және IBO тұжырымдары бойынша бокстан әлем чемпионы Геннадий Головкиннің UFC жұлдыздарымен кездескен сәтінен фото әлеуметтік желіде тарады.

Головкин өзінің Instagram парақшасындағы строисте кездесу сәтінен суреттерді жария еткен. Фотодан UFC-дің бұрынғы чемпионы ресейлік Петр Ян мен америкалық Нейт Диасты байқауға болады.

Лос-Анджелесте бас қосқан спортшылар табиғатта демалып, кәуап әзірлеген.

Бокс пен UFC жұлдыздары бұл кездесу барысында қандай да бір келісімге келген-келмегені әзірге белгісіз.

Суреттерді Instagram желісіндегі Влад Самойлюк есімді қолданушы да жария еткен. Оның жазылушылары суретке жарыса лүпіл басып, пікірлерін жаудырды.

"Бұл қай жерде, Майқұдықта ма?", "Головкин - аңыз адам", "Керемет фото", - деп жазған пікір қалдырушылар.

Еске салсақ, бұған дейін Геннадий Головкиннің келесі жекпе-жегі мексикалық Хайме Мунгияға қарсы өтетінін жазған едік.

Ringpolska порталы таратқан мәліметке сәйкес, жекпе-жек 7 мамырда АҚШ-тың Техас штатында өтеді деп жоспарланған. Алайда кейін кездесудің өтпейтіні хабарланды.

ESPN телеарнасының журналисі Бернардо Пилатти жекпе-жектің не себепті өтпейтіндігіне қатысты пікірімен бөлісті. Сарапшының ойынша, мексикалықтың промоутерлері өз боксшысын Геннадий Головкинге қарсы қоюды өте қауіпті деп санаған болуы мүмкін.

"Мунгия өзі үшін қауіпті қарсылас болып табылатын GGG-мен қолғап түйістірместен бұрын, өзше боксшылармен жекпе-жекте қажетті қадамдарды жасауы керек", - дейді Пилатти.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1902638-golovkin-ufc-zuldyzdarymen-kezdesti-foto/

pixel