Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Егіз-лебіз": Алматыда танымал егіз спортшылардың тойы дүркіреп өтті

Опубликовано:

Фото
Фото: Әлеуметтік желіден алынды

Алматыда егіз спортшылар – Ғұсман және Ғұмар Қырғызбаевтар шаңырақ көтерді. Қазақ күресі мен дзюдо шеберлерінің тойына еліміздегі танымал спортшылар шақырту алған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қырғызбаевтар отбасындағы қуанышты сәтті той қонақтары әлеуметтік желіге жүктеді.

Әзірге, балуандардың таңдауы Қасиет және Жансая есімді бойжеткендерге түскені белгілі болды. Тойда қалыңдықтардың хиджаб таққанын да видеодан байқауға болады.

Еске сала кетейік, Ғұсман және Ғұмар Қырғызбаевтардың отандық спорттағы рөлі ерекше. Әсіресе, Ғұсман Қырғызбаев дзюдодан ұлттық құрама үздіктерінің бірі саналады. Ол жақында дзюдодан өткен Тель-Авивтегі "Үлкен Дулыға" турнирінде қола жүлдегер атанды.

Халықаралық дзюдо федерациясының жаңартылған рейтингінде Ғұсман Қырғызбаев алғашқы ондыққа енген.

Фото
Фото: Olympic.kz

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/1902770-egiz-lebiz-almatyda-tanymal-egiz-sportsylardyn-toiy-durkirep-otti/

pixel