Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бұрынғыдай өнер көрсеткені аса қажет: "Барселонаның" жаңа президенті Мессиден командадан кетпеуін өтінді

Опубликовано:

Лионель Месси
Лионель Месси. Фото: David Ramos/Getty Images

"Барселона" футбол клубының жаңа президенті Жоан Лапортаның ұлықтау рәсімінде сөйлеген сөзі көпті ойландырды деп хабарлайды "Хабар 24".

Әсіресе, Лионель Месси туралы айтқаны жанкүйерлердің толғандырған. Жоан Лапорта әйгілі футболшыдан көпшіліктің алдында командадан кетпеуін сұраған.

Айтуынша, осы уақытқа дейін клубтың жоғары деңгейде танымал болып, әлемдік футболда биік белестерді бағындыруы-командадағы тұрақтылықтың арқасы.

Оның сөзінше, Мессидің клубтың мүшесі болып, командада қалуы өздері үшін ғана емес, күллі Барселона халқы үшін маңызды.

"Мен дәл бүінгі жағдайды команда үшін тағдыр шешті кезеңге балаймын. Қайткен күнде де Лионель Мессиді көндіруге тырысамын. Ол бүгін арамызда отыр. Мен үшін оның бұрынғыдай өнер көрсеткені аса қажет. Қиын кездер өтеді. Пандемия аяқталады. Бәрі қалпына келеді", – дейді "Барселона" ФК президенті Жоан Лапорта.

Айта кетейік, Лионель Мессидің "Барселонамен" келісімшарты биыл 30 маусымда аяқталады.

Былтыр 33 жастағы аргентиналық спортшы командадан кететінін мәлімдеген болатын. Алайда бұрынғы басшылықпен соттасудан бас тартып, ойынан айнып қалған.

Еске салсақ, Жоан Лапорта бұған дейін каталониялық футбол клубы "Барселонаның" президенті болған еді. Ол бұл қызметті 2003-2010 жылдар аралығында атқарған.

Осы жылдары "Барселона" төрт рет Ла Лигада, екі рет Чемпиондар лигасында топ жарған. Жалпы алғанда клуб 12 турнирде жеңіске жеткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1903903-pandemiya-ayaqtalady-barselonanyn-zana-prezidenti-messiden-komandadan-ketpeuin-otindi/

pixel