Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

28 наурызда Қазақстанға әлемнің ең қымбат футболшысы келеді

Опубликовано:

Килиан Мбаппе
Килиан Мбаппе. Фото: instagram.com/k.mbappe

Франция ұлттық құрамасының бас бапкері Дидье Дешам 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турнирінде Қазақстанмен болатын матчқа келетін ойыншылардың тізімін жариялады деп хабарлайды Sports.kz.

Әлем чемпионы атанған құраманың бас бапкері Қазақстанға кіл мықтыларды ала келмек ниетте. Мәселен, матчқа шақыртылғандардың тізімінде әлемдегі ең қымбат футболшылардың бірі Килиан Мбаппе мен бірнеше танымал спортшы бар.

Франция құрамасының сапында өнер көрсететін қақпашылар: Альфонс Ареоля, Уго Льорис, Майк Меньян, Стив Манданда.

Қорғаушылар: Люка Динь, Лео Дюбуа, Люка Эрнандес, Преснель Кимпембе, Клеман Лангле, Ферлан Менди, Бенжамен Павар, Рафаэль Варан, Курт Зума.

Жартылай қорғаушылар: Нголо Канте, Танги Ндомбеле, Поль Погба, Адриен Рабьо, Мусса Сиссоко.

Шабуылдаушылар: Виссам Бен Йеддер, Кингсли Коман, Усман Дембеле, Оливье Жиру, Антуан Гризманн, Тома Лемар, Антони Марсьяль, Килиан Мбаппе.

Айта кетсек, Қазақстан мен Франция арасындағы матч Нұр-Сұлтан қаласында 28 наурыз күні өтеді.

Оған көрермендер кіргізілуі мүмкін.

"Ұлттық команданың өз алаңындағы матчтарына көрермендер кіргізу мәселесі бойынша Нұр-Сұлтан қаласының бас санитарлық дәрігерімен келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Егер рұқсат берілсе, Қазақстан-Франция матчына жанкүйерлер кіре алады.

Олардың саны жалпы стадион сыйымдылығының 30 пайызын ғана құрауы керек. Барлық санитарлық талап сақталуы тиіс. Ал билеттер шамамен 10-12 наурыздан бастап сатылады деп жоспарланып отыр", - деген еді Қазақстан футбол федерациясы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1904204-28-nauryzda-qazaqstanga-alemnin-en-qymbat-futbolsysy-keledi/

pixel