Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Дикий Арманның" Түркияда боксшыларды марапаттауға келгені жанкүйерлерді таң қалдырды (фото)

Опубликовано:

Фото
Скриншот: boxingkazakhstan/Instagram

Бокстан Түркияда өткен халықаралық турнирде спортшыларды марапаттау рәсіміне қылмыс әлемінде "Дикий Арман" атымен танылған Арман Жұмагелдиев қатысты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Жұмагелдиевтің боксшыларды марапаттау рәсіміне қалай шақырту алғаны белгісіз.

Ол 69 келіде турнир жеңімпазы атанған Дархан Дүйсебай мен осы салмақтағы өзге де жүлдегерлерді марапаттады.

Сонымен қатар, марапаттау рәсімінің соңында спортшылармен естелік суретке түскен ол өзіне тән ишарасын көрсетуді де ұмытпаған.

Қылмыс әлемінің серкесі саналатын "Дикий Арманның" боксшыларды марапаттау рәсіміне қандай себеппен шақырту алғаны белгісіз. Себебі, жарыс ережесі бойынша спортшыларды осы салада табысқа жеткен және спорт саласында басшылық жасайтын тұлғалар марапаттайды.

Айта кетелік, марапаттау рәсіміндегі суреттерді Қазақстан бокс федерациясының Instagram желісіндегі ресми аккаунты жариялап, кейін өшіріп тастады.

Ал Қазақстан бокс федерациясын Кеңес Рақышев басқаратынын айта кеткен жөн.

Фото
Скриншот: boxingkazakhstan/Instagram

Фото
Скриншот: boxingkazakhstan/Instagram

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1904321-dikii-armannyn-turkiyada-bokssylardy-marapattauga-kelgeni-zankuierlerdi-tan-qaldyrdy-foto/

pixel