Уайт Поветкинді нокаутқа түсірді (видео)
Опубликовано:

Ресейлік боксшы Александр Поветкин (36-3-1, 25 КО) британиялық Диллиан Уайтпен (28-2, 18 КО) қарымта жекпе-жекте кездесіп, бұл жолы жеңіліске ұшырады деп хабарлады Sports.kz.
Жекпе-жектің басында Уайт Поветкинді бірнеше рет есеңгіретіп үлгерді, алайда ресейлік құлаған жоқ. Дегенмен төртінші раундта бірнеше жойқын соққыдан кейін Поветкин нокаутқа түсті – төреші бірден жекпе-жекті аяқтады.
Осылайша Поветкин WBC тұжырымы бойынша ауыр салмақтағы "уақытша" әлем чемпионы белбеуінен айырылды. Ресей боксшысы үшін бұл үшінші жеңіліс. Уайт болса, 28-ші жеңісіне қол жеткізіп, титулды қайтарып алды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1905013-uait-povetkindi-nokautqa-tusirdi-video/