RU

Қазақстандық голкипер Қазақстан - Франция матчының үздік ойыншысы атанды

Футбол
Фото: kff.kz

WhoScored статистикалық футбол порталы Франция мен Қазақстан құрамалары ойыншыларының 2022 жылғы Әлем чемпионатына іріктеу матчындағы ойынына баға берді. Қазақстан құрамасының жеңілісіне қарамастан, Александр Мокин үздік ойыншы деп танылды.

WhoScored мәліметтеріне сілтеме жасаған Footboom.kz сайтының мәліметтеріне сәйкес, "Тобыл" ФК мен Қазақстан құрамасының 39 жастағы қақпашысы Александр Мокин кешегі матчтың абсолютті үздік ойыншысы деп танылды.

Ол "ПСЖ" мен Франция құрамасының шабуылшысы Килиан Мбаппенің пенальтиіне тойтарыс бере алған. Мокин сонымен қатар Қазақстан құрамасының қақпасына ұшқан 7 доптың бетін қайтара алды. Сол үшін портал оған 7,96 балл берді.

Екінші және үшінші орындарды 7,84 ұпаймен Франция құрамасының жұлдыздары Антони Мартьяль және кешегі матчтағы бірінші голдың авторы Усман Дембеле (7,78 ұпаймен) иеленіп отыр.

Автогол соққан қазақстандық Сергей Малый 6,96 балл алды - бұл Қазақстан құрамасының ойыншылары арасындағы екінші үздік нәтиже. Малыйдың 88% дәл пастар беріп, үш сәтті іріктеу жасағаны және бір рет жеңіске жеткені ерекше атап өтілді.

Портал қазақстандық ойыншылар Асхат Тағыберген (6.73) мен Ян Вороговскийдің (6.68) ойынына да жоғары баға берді.

Естеріңізге сала кетейік, кеше, 28 наурыз күні Нұр-Сұлтан қаласында өткен Франция мен Қазақстан құрамалары ойыншыларының 2022 жылғы Әлем чемпионатына іріктеу матчы 2:0 есебімен француздардың жеңісімен аяқталған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1905071-qazaqstandyq-golkiper-qazaqstan-franciya-matcynyn-uzdik-oiynsysy-atandy/