Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

2004 жылғы Олимпиаданың күміс жүлдегері қырық жасында бозкілемге қайта оралды

Опубликовано:

Фото
Фото: Sports.kz

Грек-рим күресінен Қазақстан командасының бас бапкері Бақтияр Байсейітов Алматыдағы Азия чемпионаты мен лицензиялық турнирге қатысатын балуандар тізімін атады. Олардың арасында үлкен спортқа қайта оралған атақты Георгий Цурцумия бар деп хабарлайды Olympic.kz

Олимпиада ойындарына жолдама беретін құрлықтық іріктеу  додасы 9-13 сәуір аралығында Алматы қаласында өтпек.

Грек-рим күресінен төрт салмақта Олимпиада лицензиясына төмендегі балуандар таласады: 

67 келі: Мейіржан Шермаханбет

87 келі: Нұрсұлтан Тұрсынов

97 келі: Олжас Сырлыбай

130 келі: Георгий Цурцумия

Ұлттық құраманың ұзақ жылдар бойы үздігі атанып, екі Олимпиада ойындарына қатысқан Алмат Кебіспаевтың лицензиялық турнирден сырт қалғаны белгілі болды. Ол Италияда өткен рейтингілік турнир финалында Мейіржан Шермаханбеттен 0:9 есебімен ұтылған. Осыдан соң, бапкерлер Мейіржанға мүмкіндік беруді жөн санады. 

Сондай-ақ, үлкен спортпен қоштасып, биыл 40 жасқа толған Георгий Цурцумия кілемге қайта оралды. 2004 жылғы Афины Олимпиадасының күміс жүлдегері бірнеше жылдан бері бапкерлік қызмет атқарған болатын. Араға ұзақ уақыт салып Георгий ұлттық құрама қатарына қайта қосылып отыр. 

Ал Нұрсұлтан Тұрсынов пен Олжас Сырлыбай биыл ел чемпионатында көзге түсіп, Италиядағы рейтингілік турнирде жүлдегерлер қатарынан көрінген. 

Лицензиялық турнирден соң іле-шала күрес түрлерінен Азия чемпионаты басталады.

Құрлық додасында грек-рим күресінен төмендегі балуандар бақ сынайды: 

55 келі: Жансерік Сәрсенбиев

60 келі: Айдос Сұлтанғали

63 келі: Сұлтан Әсетұлы

67 келі: Алмат Кебіспаев

72 келі: Азат Садықов

77 келі: Демеу Жадыраев

82 келі: Евгений Поливадов

87 келі: Азамат Күстібаев

97 келі: Ерұлан Ысқақов 

130 келі: Әлімхан Сыздықов

Айта кетейік, Азия біріншілігі 18 сәуірге дейін жалғасады. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1905644-2004-zylgy-olimpiadanyn-kumis-zuldegeri-qyryq-zasynda-bozkilemge-qaita-oraldy/

pixel