Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қасым-Жомарт Тоқаев: Елде мамыр айынан бастап шектеулер алынуы мүмкін

Опубликовано:

Тәжвирус карантин
Фото: NUR.KZ/ Петр Карандашов

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы коронавирус індетіне байланысты эпидахуал жөніндегі кеңесте кәсіпкерлер жұмысын жолға қою үшін мамыр айынан бастап шектеулер кезең-кезеңімен алынуы мүмкін екенін айтты. Бұл денсаулық сақтау министрлігі мен үкімет сәуір айында жаппай вакцинациялау өткізе алса ғана мүмкін болмақ деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Үкімет бірінші кезекте жаппай вакцинациялау жолымен сәуір айында пандемия жағдайын жақсарта алса, мамырдан бастап шағын және орта бизнес субъектілерінің, оның ішінде қызмет көрсету саласы өкілдерінің жұмысына қойылған шектеулер кезең-кезеңімен алына бастайды",- деді Тоқаев.

Ол елде ASHYQ жобасының аясын кеңейтуді тапсырды. Бұл қосымша арқылы қазақстандықтар ковид- дәрежесіне байланысты түрлі түстерге бөлінеді.

"Сондай-ақ, цифрлық шешімдерді қабылдауды тездету керек, бұл карантин шектеулері жағдайында халықтың мобильділігін сақтауға мүмкіндік береді. Цифрлық мониторинг кәсіп жүргізудің, әсіресе қызмет көрсету мен ритейл саласында тұрақтылықты қамтамасыз етеді.

ASHYQ жобасын кеңінен тарату- тек бизнестің тапсырмасы емес. Үкімет жүйені кеңейтуді және белсенді енгізуді қамтамасыз етуі керек. Сондай-ақ, тиісті нормативтік база құру маңызды", - деді президент.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1905823-qasym-zomart-toqaev-elde-mamyr-aiynan-bastap-sekteuler-alynuy-mumkin/

pixel