Данияр Елеусінов келесі жекпе-жегіне дайындықты бастап кетті (фото)
Опубликовано:

Қазақ атын күллі әлемге танытып жүрген кәсіпқой боксшы, жартылай орта салмақтағы IBF InterContinental титулының иегері Данияр Елеусінов кезекті жекпе-жегіне дайындығын бастап кетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.
Кәсіпқой боксшының Instagram парақшасында спаррингтен сурет жарияланды. Суретте оның 12 раунд өткізгені жазылған. Боксшы, осылайша кезекті жекпе-жекке қызу дайындықты бастап кетті.
Еске салсақ, Данияр Елеусінов келесі жекпе-жегі 8 мамыр күні Сауль "Канело" Альварес пен Билли Джо Сондерс жекпе-жегінің андеркардында өтуі мүмкін екенін мәлімдеген еді.
Боксшы 27 қараша күні АҚШ-та өткен жекпе-жекте әлемнің экс-чемпионы намибиялық Джулиус Индонгоны екінші раундта нокаутқа жіберген болатын. Сондай-ақ, Елеусінов IBF Intercontinental титулын иеленді.
Одан бөлдек, Елеусінов отандасы Геннадий Головкинмен қазіргі таңда қандай қарым-қатынаста екенін ашық айтып берген еді. Қос спортшының арасында бұған дейін өзара түсініспеушілік орын алған.
Данияр Елеусінов бүгінде Геннадий Головкинмен мүлде араласпайтынын жеткізді. Белгілі болғандай, ол GGG-ден гөрі оның туған бауырымен көбірек хабарласып тұрады екен.
Айта кетейік, Данияр Елеусінов - қазақстандық кәсіпқой боксшы, 2016 жылғы Бразилиядағы Олимпиада ойындарының чемпионы, Азиада-2010 жеңімпазы, 2013 жылғы Алматы қаласында өткен Әуесқой бокстан 69 келі салмақта әлем чемпионы, халықаралық спорт шебері.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1905891-daniyar-eleusinov-kelesi-zekpe-zegine-daiyndyqty-bastap-ketti-foto/