Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Головкин BoxRec рейтингінде үздіктер қатарынан көрінді

Опубликовано:

Геннадий Головкин
Фото: Gettyimages

BoxRec басылымы боксшылардың салмақ дәрежесінен тәуелсіз рейтингін жариялады деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Өткен аймен салыстырғанда рейтингте айтарлықтай өзгеріс бола қоймаған. Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин үздік бестіктегі орнын сақтап қалды.

BoxRec нұсқасы бойынша pound-for-pound боксшылар рейтингі келесідегідей:

1. Сауль Альварес (Мексика);

2. Тайсон Фьюри (Ұлыбритания);

3. Теренс Кроуфорд (АҚШ);

4. Энтони Джошуа (Ұлыбритания);

5. Геннадий Головкин (Қазақстан);

6. Эррол Спенс-кіші(АҚШ);

7. Деонтей Уайлдер (АҚШ);

8. Теофимо Лопес (АҚШ);

9. Джермалл Чарло (АҚШ).

10. Сергей Ковалев (Ресей).

Еске салсақ, бұған дейін Boxingnews24.com порталының спорт шолушысы Анхель Флауэрс Геннадий Головкин мен мексикалық боксшы Сауль Альварестің қаржылық жағдайын салыстырғанын жазған едік.

Журналистің мәліметінше, қазақстандық боксшының қаржылық тұрғыдан жағдайы "Канеломен" өткізген екі жекпе-жектің арқасында жақсара түскен.

Одан бөлек, қазақстандық боксшы Жанқош Тұраров коронавирус жұқтырып алғанын жазған болатынбыз. Салдарынан оның Дубайдағы жекпе-жегі өтпейтін болды.

Бокс кешінің ұйымдастырушысы D4G Promotions Жанқош Тұраровтың жекпе-жектен бас тартқанын хабарлады. Жанқош Тұраров бірінші жартылай орта салмақта WBO Inter-Continental титулы үшін солтүстік ирландиялық Тайрон Маккеннаға қарсы жұдырықтасуы керек болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1906126-golovkin-boxrec-reitinginde-uzdikter-qatarynan-korindi/

pixel