Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық боксшы 70 секундтық жекпе-жегі үшін қыруар гонорар алды

Опубликовано:

Фото
Тұрсынбай Құлахмет. Фото: Olympic.kz

Қазақстандық сарапшы Айдар Махметов боксшы Тұрсынбай Құлахметтің венесуэлалық Эбер Рондонмен өткізген жекпе-жегі үшін қанша гонорар алғанын мәлім етті деп жазады Sports.kz.

"Былғары қолғап шебері Тұрсынбай Құлахмет кәсіби шаршы алаңдағы үшінші жекпе-жегі үшін 210 000 доллар табыс тапты. 70 секундқа жақсы табыс!", - деп жазды спорт сарапшысы MakhmetovSport телеграм арнасында.

Еске сала кетсек, 4 наурызда қазақстандық боксшы Тұрсынбай Құлахмет (2-0, 1 KO) бірінші орта салмақтағы WBC International чемпионы титулын сәтті қорғады.

Кездесу Дубайда өтті.

Бұл жекпе-жек он раундқа есептелді, алайда қазақстандық боксшы бірінші раундтың – 70 секундында нокаутпен жеңіске жетті, оған дейін қарсыласын нокдаунға түсірген еді.

Осылайша, Тұрсынбай Құлахмет кәсіпқой бокстағы үшінші жеңісіне қол жеткізді. Ал Эбер Рондон кәсіпқой карьерасында алғаш рет жеңіліске ұшырады.

Айта кетейік, Тұрсынбай Құлахмет - әуесқой бокста Қазақстанның үш дүркін чемпионы, Ислам ойындарының жеңімпазы, Азия чемпионы және 2019 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері.

Еске сала кетсек, бұған дейін BoxRec басылымы боксшылардың салмақ дәрежесінен тәуелсіз рейтингін жариялаған еді.

Өткен аймен салыстырғанда рейтингте айтарлықтай өзгеріс бола қоймаған. Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин үздік бестіктегі орнын сақтап қалған.

BoxRec нұсқасы бойынша pound-for-pound боксшылар рейтингін мексикалық Сауль "Канело" Альварес бастап тұр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1906253-qazaqstandyq-bokssy-70-sekundtyq-zekpe-zegi-usin-qyruar-gonorar-aldy/

pixel