Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дмитрий Баландин Ресей чемпионатының жартылай финалына жолдама алды

Опубликовано:

Дмитрий Баландин
Фото: instagram.com/dmitriy_balandin

Қазақстандық спортшы Дмитрий Баландин Ресей чемпионатының жартылай финалына жолдама алды деп хабарлайды Olympic.kz.

Қазанда жүзуден Ресей чемпионаты жалғасып жатыр. Төртінші жарыс күнінде спортшылар 200 метр қашықтықта брасс әдісімен жүзу бойынша іріктеуден өтті.

Аталған санат бойынша қазақстандық спортшы Дмитрий Баландин жартылай финалға жолдама алды. Ол тиісті қашықтықты 2:11.61 уақытта жүзіп өткен.

Ресейлік Антон Чупков қашықтықты 2:09.98 уақытта бағындырып, іріктеуде көш бастады.

Айта кетерлігі, жартылай финалдық бәсеке 6 сәуір күні өтеді.

Еске салсақ, бұған дейін жүзуден Қазақстан чемпионатының үздігі Дмитрий Баландин Қазақстан чемпионатындағы үшінші алтын жүлдесін жеңіп алған еді. Баландин 50 метр қашықтықта брасс әдісімен жүзу бойынша көш бастаған. Аталған қашықтықты ол 27,19 уақытта бағындырды.

Одан бөлек, Баландин АҚШ-та жүзу бойынша ашық чемпионаттан "алтын" жеңіп алған болатын.

Спорттық жарыста Баландиннен басқа Әділбек Мусин да өнер көрсетті.

Порталда қазақстандық спортшының 100 метр қашықтыққа кеуде соққысымен жүзіп өткені мәліделді. Ол бұл қашықтықты 59.36 көрсеткішімен жеңіп, бірінші орынды иеленді.

Содан кейін 59.54 нәтижесімен америкалық жүзуші Андрю Уилссон мәреге жетіп, екінші орынды иеленді. Ал үшінші орынға Коди Миллер жайғасты, оның нәтижесі 59.92 болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1906619-dmitrii-balandin-resei-cempionatynyn-zartylai-finalyna-zoldama-aldy/

pixel