Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

39 жасқа толған Головкин алғаш рет қызы мен үшінші баласын көрсетті

Опубликовано:

Геннадий Головкин
Геннадий Головкин. Фото: instagram.com/gggboxing

Бүгін 39 жасын атап өтіп жатқан Геннадий Головкин балаларымен түскен суретті әлеуметтік желіде жариялады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Өзімді бақытты сезінемін. Қазіргі уақытта мен үшін маңызды нәрсенің жанымда. Туған күнім құтты болсын!" - деп жазды Головкин өзінің Twitter-дегі парақшасында.

Сондай-ақ, боксшы Instagram желісінде видео жариялап, "39 жас және ешқандай шекара жоқ деген жазба қалдырды.

Геннадий Головкин - орта салмақтағы қазақстандық кәсіпқой боксшы. Ол IBF және IBO версиялары бойынша екі дүркін әлем чемпионы. Былғары қолғап шебері мансабында 43 жекпе-жек өткізіп, оның 41-ін жеңіспен аяқтады.

Отандасымыз соңғы кездесуін польшалық Камил Шереметаға қарсы өткізді.

Спортшы - отбасылы, үш баласы бар. 12 жастағы ұлының есімі Вадим. Ерлі-зайыптылар қызы мен 2019 жылғы кенже ұлының атын айтқан емес.

Еске сала кетсек, бұған дейін BoxRec басылымы боксшылардың салмақ дәрежесінен тәуелсіз рейтингін жариялаған еді.

Өткен аймен салыстырғанда рейтингте айтарлықтай өзгеріс бола қоймаған. Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин үздік бестіктегі орнын сақтап қалған.

BoxRec нұсқасы бойынша pound-for-pound боксшылар рейтингін мексикалық Сауль "Канело" Альварес бастап тұр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1907005-39-zasqa-tolgan-golovkin-algas-ret-qyzy-men-usinsi-balasyn-korsetti/

pixel