Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тағы бір қазақ жігіті UFC-де өнер көрсететін болды

Опубликовано:

Фото
Сайран Нұрданбек. Фото: Sports.kz

Қытайда тұратын этникалық қазақ Сайран Нұрданбек (19-6) UFC-дегі алғашқы жекпе-жегін келесі айда өткізеді деп хабарлайды Sports.kz.

Ол 22 мамыр күні UFC Fight Night 188 турнирінің андеркардында өнер көрсетеді. Айта кетейік, аталған кештің негізгі кездесуі Коди Гарбрандт пен Роб Фон арасында болмақ.

Сауран Нұрданбектің қарсыласы австралиялық файтер Джошуа Кулибао (8-1-1). Бұл австралиялықтың UFC лигасындағы үшінші жекпе-жегі.

Сайран Нұрданбек өзінің соңғы жекпе-жегін желтоқсан айында өткізген.

Ол бірінші раундта бағындыру әдісі арқылы қытайлық Танчжао Ваннан басым түсті (3-6).

Джошуа Кулибао болса, октагонда өткен жылдың қазан айында өнер көрсеткен. Австралиялық файтердің канадалық Шарле Журденмен кездесуі (11-3-1) тең нәтижемен аяқталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/1907651-tagy-bir-qazaq-zigiti-ufc-de-oner-korsetetin-boldy/

pixel