Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Белгілі спортшы бес адамды атып өлтіріп, өзіне қол салды

Опубликовано:

Фото
Фото: wikipedia

Ұлттық футбол лигасының бұрынғы ойыншысы Филип Адамс бес адамды өлтіріп, содан кейін өзіне қол салды деп хабарлайды Eurosport.ru.

Шетелдік БАҚ таратқан ақпаратқа сәйкес, Филип Адамс 70 жастағы атақты дәрігер Роберт Лесслиді, сондай-ақ 69 жастағы әйелі Барбараны және олардың немерелері 9 жасар Ада мен 5 жасар Нухты атып тастаған.

Спортшы Лессли жанұясының қызметкері 38 жастағы Джеймс Льюисті де өлтірген.

Одан бөлек, тағы бір адамның жағдайының ауыр екені айтылды.

Йорк округінің шерифі Кевин Толсонның сөзінше, сәрсенбіде орын алған атыс кезінде 45 және 9 мм калибрлі қарулар қолданылды.

Шериф атыс болған жерде қалған айғақ заттар арқылы полиция қызметкерлері Адамсты тапқанын жеткізді.

Оның дерегінше, тәртіп сақшылары Адамстың ата-анасының үйіне барып, оларды эвакуациялаған, содан кейін футболшыны үйден шығаруға тырысқан.

Алайда күдіктінің денесі жатын бөлмесінде өлі күйінде табылған.

Алдын ала болжам бойынша, Филип Адамс өзіне қол салған.

Басылым мәліметінше, қзарігі кезде қылмыстардың себептері әлі анықталған жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/1907706-belgili-sportsy-bes-adamdy-atyp-oltirip-ozine-qol-saldy/

pixel