Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атышулы Қуат "Найман" ресми мәлімдеме жасады

Опубликовано:

Қуат Хамитов
Фото: prosports.kz

Қазақстандық атышулы ММА спортшысы Қуат Хамитов өзінің алдағы жекпе-жегі жөнінде ресми мәлімдеме жасады. Аталған жазба "Найманның" Instagram желісіндегі парақшасында жарияланды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Ресми! Біз келесі жекпе-жекке дайындықты бастадық! Өтетін орны мен уақытын жақында жариялаймыз", - деп жазды Хамитов өз парақшасында.

Спортшының жанкүйерлері оның бұл жаңалығын қуанышпен қабылдап, сәттілік тіледі.

Естеріңізге сала кетсек, "Найман" лақап атымен танылған Қуат Хамитов 2021 жылдың 22 қаңтарында Ресейдегі аралас жекпе-жектен AMC Fight Nights турнирінің бірінші раундында қарсыласы Максим Пантелеевты нокаутқа түсірген болатын.

Осылайша, отандасымыз өзінің кәсіби мансабындағы 20-шы жеңіске қол жеткізді. 

Айта кетерлігі, қазақстандық "жауынгердің" алдымен Магомед Магомедовпен, кейіннен Алексей Ильенкомен жекпе-жекке шығатыны хабарланды.

Алайда кездесуге санаулы сәттер қалғанда оның қарсыласын ауыстырып жіберген.

Сонымен қатар, Қуат Хамитов Ресейдегі жеңісін марқұм даңқты спортшы Жақсылық Үшкемпіровке арнады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/1908385-atysuly-quat-naiman-resmi-malimdeme-zasady/

pixel