Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тағы бір қазақстандық еркін күрестен Азия чемпионы атанды

Опубликовано:

Фото
Фото: Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі

Еркін күрестен Қазақстан командасының мүшесі Олег Болтин 125 келі салмақ дәрежесінде Азия чемпионы атанды деп хабарлайды Olympic.kz.

Олег Болтин финалда Болтин қырғызстандық Айаал Лазаревпен кездесті.

Белдесу соңына дейін қарсыласынан ұтылып жатқан қазақстандқ балуан соңғы минуттарда жеңісті жұлып әкетті. 

Бұл Қазақстан командасының Азия біріншілігіндегі үшінші алтыны. Кеше еркін күрес шебері Талғат Сырбаз 70 келіде жеңіске жетсе, бүгін Нұрқожа Қайпанов екі дүркін Азия чемпионы атанды.

74 келіге дейінгі салмақта белдескен Нұрғожа Қайпанов финалда ирандық Мұстафа Хосейнханимен кездесіп, 6:2 есебімен қарсыласынан басым түсті.

Бірінші кезеңде 0:2 есебімен ұтылып жатқан отандасымыз екінші кезеңде күшіне мініп, өзінің чемпиондық атағын қорғап қалды. 

Еске сала кетейік, Нұрқожа Қайпанов 2019 жылы Қытайда өткен Азия чемпионатында да топ жарған болатын. Былтырғы маусымнан бастап Нұрқожа олимпиадалық салмаққа ауысты. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/1908493-tagy-bir-qazaqstandyq-erkin-kuresten-aziya-cempiony-atandy/

pixel