Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

DAZN: Головкин әлем чемпионымен жекпе-жек өткізу үшін келіссөз бастады

Опубликовано:

Геннадий Головкин
Геннадий Головкин. Фото: Rich Polk/Getty Images for Chivas Regal

DAZN тілшісі Крис Манникс отандасымыз Геннадий Головкиннің WBA нұсқасы бойынша орта салмақтағы супер чемпион Риота Муратамен жекпе-жек өткізу үшін келіссөз жүргізіп жатқандығын хабарлады.

Кездесу 2021 жылдың соңында өтуі мүмкін деп жазады Sports.kz.

"Дереккөздердің хабарлауынша, Головкин мен Муратаның өкілдері Жапонияда жекпе-жек өткізуді талқылаған", – дейді Крис Манникс.

Оның дерегінше, жекпе-жекті Жаңа жыл қарсаңында өткізу жоспарланып отыр.

Крис Манникстің сөзін Головкиннің промоутері Эдди Хирн да растады.

"Геннадий 31 желтоқсанда Муратамен жекпе-жек өткізуді жоспарлап отыр", – дейді ол.

Эдди Хирннің айтуынша, Головкин Муратаға дейін орта салмақта кезекті жекпе-жегін өткізеді, оның бұл жолғы қарсыласы кәсіби мансабында жеңіліп көрмеген америкалық Деметриус Андраде.

Айта кетейік, отандасымыз бокстағы кәсіби мансабында тек бір рет ғана жеңіліс тапқан.

GGG-дің алғашқы жеңілісіне себепкер болған мексикалық әйгілі боксшы - Сауль Альварес.

Одан бөлек, бокс жайлы жазатын шетелдік сайттың маманы таяуда 39 жасқа келген Головкинді мансабын аяқтауға шақырған еді.

Джошуа Айсард отандасымыздың кезекті мәрте жеткен жеңістеріне және орта салмақтағы әлем чемпионына екеніне қарамастан, "қолғабын шегеге ілетін кез келді" деп санайды.

"Головкин Сауль Альвареспен үшінші жекпе-жегін өткізуді көздеп отырғаны жасырын емес. Дегенмен оның 2019 жылғы қазандағы Сергей Деревянченкоға қарсы кездесуі мен Дэниэл Джейкобспен болған жекпе-жегін ескере отырып, қазіргі уақытта оның Мартин Мюррей мен Дэвид Лемьені "тас-талқан" етіп жеңген кездегідей қалыпта емес екенін айту керек", – дейді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1908527-dazn-golovkin-alem-cempionymen-zekpe-zek-otkizu-usin-kelissozdi-bastady/

pixel