Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан бокс федерациясына жаңа басшы келді

Опубликовано:

Фото
Фото: Қазақстанның бокс федерациясы

Қазақстан бокс федерациясының директоры болып Маратбек Мықтыбеков тағайындалды деп хабарлайды федерацияның баспасөз қызметі.

Ведомство мәліметінше, осыған дейін бұл қызметті 11 жыл бойы атқарып келген Бекжан Бектенов федерацияның халықаралық істері жөніндегі вице-президенті болып тағайындалды.

Айта кетейік, Маратбек Мықтыбеков – тәжірибелі спорт менеджері. Бұған дейін ол дзюдо федерациясының вице-президенті, сонымен қатар Алматыда бокс федерациясының директоры, Азия бокс конфедерациясының кеңесшісі қызметін атқарды.

Сонымен қатар Мықтыбековтің спорт саласындағы жетістіктері жетерлік. Атап айтқанда, ол жасөспірімдер арасында самбодан әлем чемпионы, сонымен қатар дзюдодан да әлем чемпионатының жүлдегері, халықаралық деңгейдегі спорт шебері.

Естеріңізге сала кетейік, жақында Халықаралық бокс қауымдастығы (AIBA) директорлар кеңесінің дауыс беру қорытындысы бойынша екі қазақстандықты ұйымның басқарушы органдарының мүшесі етіп тағайындады. Оның бірі Ермахан Ибраимов.

Одан бөлек, "Қазақстан барысы" турнирінің алғашқы жеңімпазы Ұлан Рысқұлдың басшылық қызметке тағайындалғанын жазған едік.

Балуан Алматы облысы, Іле ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры болды.

Сонымен қатар қаңтар айында Жансая Әбдімәлік Алматы қаласының мәслихат депутаты атанды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1908565-qazaqstan-boks-federaciyasyna-zana-bassy-keldi/

pixel