Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Токио Олимпиадасына қатысатын атлеттердің күн сайын тестілеуден өтетіні рас па

Опубликовано:

Эмблема Олимпиады в Токио
Токио. Фото: Carl Court/Getty Images

Токиодағы жазғы Олимпиаданың ұйымдастырушылары сәуірдің аяғында ойындарды өткізу ережелерінің жаңа нұсқасын бекітіп, онда спортшылардың күн сайын коронавирусқа тестілеуден өтуі керектігі туралы тармақ енгізбек деп жазады Қазақпарат.

Басылым мәліметінше, қазіргі уақытта аталған шешім Халықаралық Олимпиада комитетімен (ХОК) келісіліп жатыр.

Айта кетейік, тесттердің басым бөлігі антигенге тексермек. Тестілеу оң нәтиже көрсеткен жағдайда, медиицина қызметкерлерінің ПТР тәсілі бойынша қосымша зерттеу жүргізетіні айтылды.

Атлеттерден коронавирус белгілері байқалса, оларды бірден ПТР тестін тапсыруға жібереді.

Осыған орай арнайы олимпиадалық ауылда бөлек зертхана ашылатыны жоспарда тұр.

Тексеріс кестесі ойындардың уақытына байланысты құрылмақ.

Одан бөлек, ойынның қандай да бір кезеңі өтетін күні спортшылар тестілеуден босатылуы ықтимал.

Киодо ақпарат агенттігі ұсынған деректерге сүйенсек, "Токио-2020" ұйымдастыру комитеті 9 мамырда өтетін жеңіл атлетика бойынша тестілік жарыстарды көрермендерсіз өткізуді қарастырып жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, Жапонияның астанасы Токиодағы олимпиадалық ойындар 2020 жылдың 24 шілдесі мен 9 тамызы аралығына жоспарланған болатын. Жаһанды жайлаған коронавирус пандемиясына байланысты олимпиада бір жылға шегеріліп, енді 2021 жылдың 23 шілдесі мен 8 тамызы аралығында өтпек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1908936-tokio-olimpiadasyna-qatysatyn-atletterdin-kun-saiyn-testileuden-otetini-ras-pa/

pixel