Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бекзат Нұрдәулетов финалда ресейлікті нокдаунға түсіріп, алтын медаль жеңіп алды

Опубликовано:

Бекзат Нұрдәулетов
Фото: ҚБФ баспасөз қызметі

Қазақстандық боксшы Бекзат Нұрдәулетов "Санкт-Петербург губернаторының кубогы-2021" халықаралық турнирінің финалында алтын медаль жеңіп алды деп хабарлайды Sports.kz сайтына сілтеме жасаған Sputnik Қазақстан.

Финалда Бекзат Нұрдәулетов ресейлік Имам Хатаевпен қолғап түйістірді. Жекпе-жекте төрешілердің бірауыздан қабылданған шешімімен Нұрдәулетов жеңіске жетті. Қазақстандық боксшы жекпе-жек барысында қарсыласын нокдаунға жіберіп, өз салмағында турнир чемпионы атанды.

Айта кетсек, Бекзат Нұрдәулетов – 2019 жылғы әлем чемпионатының жеңімпазы. Ал Имам Хатаевқа келетін болсақ, боксшы екі рет Ресей чемпионы болған (2019, 2020), сонымен қатар студенттер арасындағы әлем чемпионатында жеңіске жеткен (2014).

Жекпе-жектің толық видеосы да жарияланды.

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстан бокс федерациясына жаңа басшы келгенін жазған едік. Қазақстан бокс федерациясының директоры болып Маратбек Мықтыбеков тағайындалды.

Ведомство мәліметіне сәйкес, осыған дейін бұл қызметті 11 жыл бойы атқарып келген Бекжан Бектенов федерацияның халықаралық істері жөніндегі вице-президенті болып тағайындалған.

Одан бөлек, Халықаралық бокс қауымдастығы (AIBA) директорлар кеңесінің дауыс беру қорытындысы бойынша екі қазақстандықты ұйымның басқарушы органдарының мүшесі етіп тағайындады. Оның бірі Ермахан Ибраимов екені белгілі болып отыр. AIBA президенті Умар Кремлёв жаңадан тағайындалған қазақстандықтарға хат жолдаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1909580-bekzat-nurdauletov-finalda-reseilikti-nokdaunga-tusirip-altyn-medal-zenip-aldy-video/

pixel