Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Орал қаласында Қазақстан футболы күніне орай 30 спорттық алаңда футбол ойындары өтті

Опубликовано:

Футбол
Фото: Орал қалалық ішкі саясат бөлімі

25 сәуір Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Қазақстан футболы күніне орай 30 спорт алаңында шағын футбол ойындары өтті. 1500-ға жуық жасөспірімдер, жастар және ардагерлер қатысуымен өткен іс-шара барлық алаңда бір мезетте басталды.

Мерекелік шараның алғашқы ойынын қалалық мәдениет және демалыс саябағы Шаған өзенінің оң жағалауында орналасқан спорттық алаңда “Батыр” және “Орал спорт клубы” ардагерлер командалары бастады. Іс-шараның басты мақсаты – спорттық рух пен дене шымырлығын арттыру. Салауатты өмір салтын насихаттау, жасөспірімдердің, жастардың спорттық әлеуетін дамыту.

Футбол
Фото: Орал қалалық ішкі саясат бөлімі

Аталмыш спорттық шараны ұйымдастырушысы Орал қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі, басшысы Артур Шергалиев: “Спорттың адам өмірінде алатын орны зор екендігін бәріміз білеміз. Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты, өзі шыдамды болады.

Футбол
Фото: Орал қалалық ішкі саясат бөлімі

Бүгінгі футбол ойындарына қатысушылар арасында барлық сақтық шаралары қатаң сақталған. Ойыншылар бір жерде шоғырланбас үшін, бір алаңда екі команда ғана ойнайды, матчтар 30 алаңға бөлінді. Бүгінгі шарамыз Қазақстан Республикасының 30 жылдығына және Қазақ футболы күніне орай ұйымдастырылды. 30 спорт алаңында 1500-ға жуық спортсүйер жастар, оқушылар, кәсіби футбол клубтарының жас футболшылары және ардагерлер бас қосты”, - деді.

Футбол
Фото: Орал қалалық ішкі саясат бөлімі

Абдрахманов Алмаз: “Баршаңызды футбол күнімен шын жүректен құттықтаймын. Бүгін мен мерекелік матчта ардагерлер командасы құрамында ойнап жатырмын. Ардагерлер бұнымен өскелең ұрпаққа үлгі көрсетуде және мақсатымыз халық арасында спортты, дене шынықтырумен айналысуды насихаттау”,- дейді ардагерлер командасының ойыншысы.

Футбол
Фото: Орал қалалық ішкі саясат бөлімі

Ал футболмен кәсіби түрде айналысқанына 7 болған Побережный Алексей бүгінгі шарада футбол клубы командасында емес, өзінің білім ордасы командасы құрамында достарымен шыққандығын айтып, достарын және барша футбол жанкүйерлерін атаулы мерекемен құттықтады.

Футбол
Фото: Орал қалалық ішкі саясат бөлімі

Орал қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің баспасөз қызметі

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1909583-oral-qalasynda-qazaqstan-futboly-kunine-orai-30-sporttyq-alanda-futbol-oiyndary-otti/

pixel