Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жанкүйерлер ашуға мініп, "Манчестер Юнайтед" пен "Ливерпуль" арасындағы ойын өтпей қалды

Опубликовано:

наразылық
Фото: Хабар24

Ұлыбританияның Манчестер қаласындағы стадионда наразылық шарасы өтіп, "Манчестер Юнайтед" пен "Ливерпуль" арасындағы ойын кейінге шегерілді деп хабарлайды "Хабар 24".

Телеарнаның хабарлауынша, жүздеген жанкүйер стадион алаңына шығып, көрермендер отыратын жерге отшашулар лақтырған.

Тіпті, бір топ адам бас төрешінің көлігін бөгеп, стадионға кіргізбей қойған. Клуб тоқтаған қонақ үй алдында да наразылық акциясы ұйымдастырылып, ойыншылар далаға шыға алмаған. Осыған байланысты шараны ұйымдастырушылар ойынды өткізбеуге шешім қабылдаған.

Ал наразылық шарасына "Манчестер Юнайтедтің" Суперлигаға қатысуы түрткі болған.

Еске салайық, 19 сәуірде Чемпиондар лигасы турниріне балама ретінде жаңа лига құрылып, үлкен дау туғызған болатын. Бұдан бөлек, жанкүйерлер клубтың қожайыны Глейзерлер отбасының командадан кетуін талап етуде.

Фанаттар клуб басшылығы "Манчестер Юнайтедті" табыс көзі ретінде ғана көреді деп есептейді. Америкалық ірі кәсіпкер Малькольм Глейзер аталған команданы 2005 жылы сатып алған еді.

Одан бөлек, 2 мамырда футзалдан UEFA Чемпиондар лигасының жартылай финалында Алматының "Қайраты" Испанияның "Барселона" командасымен кездесіп, жеңіліс тапты.

Ойында "Барселона" алғашқы болып есеп ашты. Атап айтқанда, 15-минутта Феррао мергендік танытса, 20-минутта ол есепті еселей түсті. Бұдан кейін 24-минутта "Қайрат" сапынан Диего Фаверо есеп айырмасын қысқартты.

Ал 32-минутта Феррао хет-трик авторы атанса, 35-минутта қазақстандық клуб сапынан Фернандиньо көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ. Кездесу барысында "Барселона" 3:2 есебімен жеңіп, финалға жолдама алды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1910828-narazy-zankuierler-mancester-yunaited-pen-liverpul-arasyndagy-oiyndy-otkizbei-tastady/

pixel