Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Манчестер Сити" тұңғыш рет Чемпиондар лигасының финалына шықты (видео)

Опубликовано:

Фото
Фото: Манчестер ситидің ресми сайты

"Манчестер Сити" футбол клубы тұңғыш рет Чемпиондар лигасының финалына шықты. "Қалалықтар" екі мачтың қорытындысы бойынша "Пари Сен-Жерменнен" 4:1 есебімен басым түсті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Матчтағы есепті 11-минутта "Манчестер Ситидің" алжирлік жартылай қорғаушысы Рияд Марез ашты.

Шабуылды клубтың қақпашысы Эдерсон бастап, әріптесі Александр Зинченкоға алыстан пас асырған. Украиналық қорғаушы болса, Кевин де Брейнені алаңнан тапты. Ол қақпаға соққы жасағанымен "Пари Сен-Жерменнің" қорғаушыларының аяғына тиіп кетті. Ал бағытын ауыстырған допты Рияд қабылдап, мүлт кеткен жоқ.

Фото
Фото: Манчестер ситидің ресми сайты

Ойындағы екінші голды да Рияд Марез ұрды.

Кездесудің 63-минутында алжирдік қарсылас клубтың қақпашысы Кейлор Навастан айласып асырды. Оған нәтижелі пас берген Фил Фоден.

Алты минуттан кейін "Пари Сен-Жермен" бір ойыншыға кем қалды. Париждік ұжымның атақты футболшысы Анхель Ди Мария "қалалықтардың" капитаны Фернандиньоға қарсы дөрекі ойнап, алаңнан қуылды.

Осылайша, тартысты өткен матчта Пеп Гвардиола жаттықтыратын "Манчестер Сити" Францияның чемпиондарынан 2:0 есебімен басым түсті.

Фото
Фото: Манчестер ситидің ресми сайты

Айта кетейік, қос ұжымның арасындағы алғашқы кездесуде де "қалалықтар" 1:2 есебімен жеңген болатын.

  • Чемпиондар лигасының финалы 29 мамыр күні Стамбул қаласында өтеді.
  • Тарихта тұңғыш рет аталған турнирдің ақтық мәресіне жолдама алған "Манчестер Сити" клубы "Реал Мадрид" пен "Челси" жұбының жеңімпазымен жолығады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1911073-mancester-siti-tungys-ret-cempiondar-ligasynyn-finalyna-syqty-video/

pixel