RU

Тарихта бірінші рет: Токио Олимпиадасына транссексуал қатысатын болды

Фото
Фото: RNZ

Жаңазеландиялық ауыр атлет Лорел Хаббард Олимпиадаға қатысатын алғашқы транссексуал болмақ деп хабарлайды zakon.kz.

Басылым ұсынған ақпаратқа сәйкес, 43 жастағы Хаббард ең ауыр - 87 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетеді.

Оған спортшылар рейтингінде өзінен жоғары алтылық бара алмайтын болғандықтан, Токиодағы Олимпиада ойындарынан жолдама берілген.

Операция алдында спортшы Жаңа Зеландиядағы ауыр атлеттердің бірі болған. Оның бұрнығы есімі Гэвин.

Бірақ ол халықаралық аренада айтарлықтай жетістікке жете алған жоқ.

Гендерлік өзгерістен кейін көп ұзамай, таңғаларлық жағдаймен әйелдер арасында - әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1911453-tarixta-birinsi-ret-tokio-olimpiadasyna-transseksual-qatysatyn-boldy/