RU

Данияр Елеусінов үш салмақтағы әлемнің экс-чемпионымен рингке шықты (видео)

Данияр Елеусінов
Фото: Instagram / yeleussinovdaniyar

Отандық боксшы Данияр Елеусінов үш салмақтағы әлемнің экс-чемпионы Юриоркис Гамбоамен спарринг өткізді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Данияр Елеусінов Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында соңғы спарррингтерінің бірінде түсірілген видеоны жария етті.

"Осылай жақсы басталған спарринг еді. Гамбоаның әкесі түсіруге болмайды деп тыйым салды", - деді боксшы.

Бұл жолы қазақстандық спортшының қарсыласы – үш салмақ дәрежесінде әлем чемпионы болған кубалық Юриоркис Гамбоа.

Естеріңізге сала кетейік, 30 жастағы Данияр Елеусінов 2016 жылы Бразилияда өткен Олимпиада ойындарының чемпионы, Азиада–2010 жеңімпазы, 2013 жылы Алматыда өткен әуесқой бокстан 69 келі салмақта әлем чемпионы болды.

Данияр өткен жылы 27 қарашада АҚШ-та өткен жекпе-жекте әлемнің экс-чемпионы намибиялық Джулиус Индонгоны екінші раундта нокаутқа жіберген болатын. Сондай-ақ, Елеусінов IBF Intercontinental титулын иеленді.

Одан бөлек, Елеусінов отандасы Геннадий Головкинмен қазіргі таңда қандай қарым-қатынаста екенін ашық айтып берген еді. Қос спортшының арасында бұған дейін өзара түсініспеушілік орын алған.

Данияр Елеусінов бүгінде Геннадий Головкинмен мүлде араласпайтынын жеткізді. Белгілі болғандай, ол GGG-ден гөрі оның туған бауырымен көбірек хабарласып тұрады екен.

Айта кетейік, Данияр Елеусінов - қазақстандық кәсіпқой боксшы, 2016 жылғы Бразилиядағы Олимпиада ойындарының чемпионы, Азиада-2010 жеңімпазы, 2013 жылғы Алматы қаласында өткен Әуесқой бокстан 69 келі салмақта әлем чемпионы, халықаралық спорт шебері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1911568-daniyar-eleusinov-us-salmaqtagy-alemnin-eks-cempionymen-ringke-syqty-video/