Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ащы жеңіліс": Алмат Кебіспаев Токио Олимпиадасынан сырт қалды

Опубликовано:

Алмат Кебіспаев
Алмат Кебіспаев: olympic.kz

Грек-рим күресінен Қазақстан командасының капитаны Алмат Кебіспаев Токио Олимпиадасына қатыспайды. Тәжірибелі балуан Болгарияда өткен іріктеу турнирінде ұтылып қалған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Алмат Кебіспаев 67 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдесті. Болгария астанасындағы сында Кебіспаев үш кездесу өткізіп, екеуінде жеңіске жетті.

Атап айтар болсақ, бірінші белдесуде Венесуэла, екінші жекпе-жекте Түркия спортшыларынан басым түседі.

Бірақ ширек финалда франциялық Маммадасса Силладан 2:5 есебімен ұтылып қалды. Токио Олимпиадасына қатысу үшін балуан турнирдің финалына шығып, жеңіске жетуі тиіс еді.

Грек-рим күресінен Қазақстан командасының капитаны өзінің үшінші Олимпиадасынан сырт қалып отыр. Алмат Кебіспаев бұған дейін 2012 жылғы және 2016 жылғы Рио Олимпиадаларына қатысқан.

Лондонда Кебіспаев қола жүлде үшін күресте ұтылып, бесінші орын иеленсе, Рио Олимпиадасында жетінші орынға тұрақтаған.

Өкінішке қарай, Алмат Кебіспаев Токио Олимпиадасына қатыса алмайды. Себебі, бұл Олимпиада қарсаңындағы соңғы іріктеу турнирі. Бұған дейін Нұр-Сұлтанда (2019) өткен әлем чемпионатында Алмат Кебіспаев 63 келіге дейінгі салмақта қола жүлдегер атанды. Ал аталған салмақ дәрежесі Олимпиада ойындарының бағдарламасына енбейді.

Лицензиялық әлем чемпионаты мен Азия аймақтық іріктеу турнирінде сынға түскен Мейіржан Шермаханбет екі турнирде де жеңіліс тапты. Сондықтан, бапкерлер жолдама сарапқа салынатын соңғы жарысқа Алмат Кебіспаевты апарған болатын.

33 жасқа толған Алмат Кебіспаев өзінің спорттық мансабындағы соңғы Олимпиадасынан сырт қалды. 2024 жылғы Париж ойындарына дейін балуанның үлкен спортта қалу-қалмауы белгісіщ.

Еске сала кетейік, Алмат Кебіспаев грек-рим күресінен төрт бірдей әлем чемпионатының жүлдегері, екі дүркін Азия чемпионы, Азия ойындары мен Универсиада жүлдегері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1911618-ashhy-zenilis-almat-kebispaev-tokio-olimpiadasynan-syrt-qaldy/

pixel