Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Канело" жеңіліп көрмеген Сондерсті жекпе-жектен бас тартуға мәжбүрледі (видео)

Опубликовано:

Сауль Альварес
Сауль Альварес. Фото: Gettty Images/ Ethan Miller / Staff

АҚШ-та өткен бокс кешінің басты жекпе-жегінде мексикалық Сауль Альварес (56-1-2, 38 КО) пен Ұлыбритания өкілі Билли Джо Сондерс (30-1, 14 КО) жұдырықтасты деп хабарлады Sports.kz.

Жекпе-жек бастапқыда он екі раундқа жоспарланған, алайда Сондерс тоғызыншы раундқа шығудан бас тартты.

Осылайша "Канело" кәсіпқой бокстағы 56-шы жеңісіне қол жеткізіп, супер орта салмақтағы WBC, WBA Super және WBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы титулдарын біріктірді. Ал Сондерс алғаш рет жеңіліске ұшырады.

"Мен оның жақ сүйегін сындырып жіберген сияқтымын. Ол жекпе-жекті жалғастырмайтынын білдім. Эдди Рейносоға оның шықпайтынын айттым. Мен ең үздік бапкермен жұмыс істеймін. Ол маған қалай дайындалу керектігін және рингте не істеу қажеттігін айтады, мен оны орындаймын", - деді Сауль Альварес Сондерспен жекпе-жектен кейін берген сұхбатында .

Еске сала кетейік, Сондерспен жекпе-жектің алдында "Канело" қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) супер орта салмаққа ауысқан жағдайда онымен үшінші жекпе-жек өткізуге келіскен болатын.

Назарларыңызға Сауль "Канело" Альварес – Билли Джо Сондерс жекпе-жегінің видеосын ұсынамыз:

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1911657-kanelo-zenilip-kormegen-sondersti-zekpe-zekten-bas-tartuga-mazburledi-video/

pixel