Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұрдәулетов, Левит: Дубайдағы Азия чемпионатына кімдер қатысады

Опубликовано:

Бекзад Нұрдәулетов
Бекзад Нұрдәулетов: olympic.kz

Бокстан Дубай қаласында өтетін Азия чемпионатында Қазақстан атынан кімдердің жұдырықтасатыны анықталды. Бас бапкер Ғалымбек Кенжебаев Олимпиада қарсаңындағы турнирде кімдердің бақ сынайтынын айтты деп жазады Ұлттық Олимпиадалық комитетке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Біріккен Араб Әмірліктеріне Қазақстан сапынан он боксшы аттанады. Олардың қатарында бокстан 2019 жылғы әлем чемпионы Бекзад Нұрдәулетов, Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Василий Левит, сондай-ақ, әлем чемпионаттарының жүлдегері Абылайхан Жүсіпов бар.

49 келіде Даниял Сәбит, 52 келіде Сәкен Бибосынов, 56 келіде Сабырхан Махмұд, 60 келіде Серік Теміржанов, 64 келіде Закир Сафиуллин, 69 келіде Абылайхан Жүсіпов, 75 келіде Әбілхан Аманқұл, 81 келіде Бекзад Нұрдәулетов, 91 келіде Василий Левит, аса ауыр салмақта Қамшыбек Қоңқабаев сынға түседі.

Бас бапкер Ғалымбек Кенжебаевтың айтуынша, Токио Олимпиадасына қатысатын сегіз боксшы да Дубай төрінде жұдырықтасады. Аталған турнир Олимпиада қарсаңындағы ең маңызды бәсекелердің бірі болмақ.

Еске сала кетейік, бокстан Қазақстан командасы Токио Олимпиадасына толық құрамда барады. Қазақстандық боксшылар Иорданияның Амман қаласында өткен Азия аймақтық Олимпиадаға іріктеу турнирінде мүмкін болған сегіз жолдаманың барлығын да жеңіп алды.

Биылғы Азия чемпионаты 21 мамыр мен 1 маусым аралығында өтеді. Алғашында құрлық біріншілігі Үндістан астанасы Нью-Делиде өтеді деп жоспарланған. Алайда, аталған елде коронавирусты инфекцияның өршуіне байланысты турнир Дубай қаласына ауыстырылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1912113-nurdauletov-levit-dubaidagy-aziya-cempionatyna-kimder-qatysady/

pixel