Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сендер кетесіңдер, біз қаламыз": Алматы әуежайында "Қайрат" ойыншыларын жанкүйерлер жағадан алды

Опубликовано:

Доп1
Көрнекі фото: piqsels.com

Футболдан Оралға барып, ұтылып қайтқан "Қайрат" ойыншыларына ашуланған жанкүйерлер Алматыға келген бетте оларды жағадан алды деп хабарлайды zakon.kz.

Қазақстан премьер лигасының 11-ші турында "Қайрат" ойыншылары "Ақжайықтан" 0:1 есебімен ұтылды.

Мегаполиске сүмірейіп келген "Қайрат" футболшыларын қаны қарайған жанкүйерлер күтіп алды.

Футболшылардың ойынына наразылық сипаттағы әңгіме барысында жанкүйерлер "Қайрат" соңғы уақытта ұпай жоғатып, нашар ойнап жүргенін алға тартты. Аяқдопшылар өз кезегінде мұндай ойын өрнегі үшін кешірім сұрап, алдағы уақытта жақсы ойын көрсетуге уәде берді.

Алматылық "Қайрат" осы жеңілістен кейін көш басында келе жатқан "Астанадан" 12 ұпайға қалып қалды. Қазақстан премьер лигасының турнирлік кестесінде алматылық команда 4-орынға жайғасқан.

КПЛ-дің турнирлік кестесі
Скриншот: flashscore.kz

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1912732-sender-ketesinder-biz-qalamyz-almaty-auezaiynda-qairat-oiynsylaryn-zankuierler-zagadan-aldy/

pixel