Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Екеуі де өзге ел намысын қорғамақ": Апта соңында екі қазақ UFC-де өнер көрсетеді

Опубликовано:

Фото
Сайран Нұрданбек. Фото: Sports.kz

23 мамыр, жексенбіге қараған түні Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) екі этникалық қазақ UFC турнирінде өнер көрсетеді деп хабарлайды zakon.kz.

UFC Vegas 27 турнирінде DAR Team Pro өкілі, Ресейдің намысын жыртып жүрген M-1 Global лигасының экс-чемпионы Дамир Исмагулов (19-1) октагонға шығады. Оның қарсыласы бразилиялық Рафаэль Алвес.

Сонымен қатар Қытайдың атынан шығатын этникалық қазақ Сайран Нұрданбек (19-6) әлемнің үздік ұйымында дебют жасайды.

Аспан асты елінің өкілі жанкүйерлер арасында Шаилан лақап атымен белгілі.

Айта кетейік, аталған кештің негізгі кездесуі Коди Гарбрандт пен Роб Фон арасында болмақ.

Сауран Нұрданбектің қарсыласы австралиялық файтер Джошуа Кулибао (8-1-1). Бұл австралиялықтың UFC лигасындағы үшінші жекпе-жегі.

Сайран Нұрданбек өзінің соңғы жекпе-жегін желтоқсан айында өткізген.

Ол бірінші раундта бағындыру әдісі арқылы қытайлық Танчжао Ваннан басым түсті (3-6).

Джошуа Кулибао болса, октагонда өткен жылдың қазан айында өнер көрсеткен. Австралиялық файтердің канадалық Шарле Журденмен кездесуі (11-3-1) тең нәтижемен аяқталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/1913149-ekeui-de-ozge-el-namysyn-qorgamaq-apta-sonynda-eki-qazaq-ufc-de-oner-korsetedi/

pixel