Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жәнібек Әлімханұлының кезекті жекпе-жегінің датасы, қарсыласы анықталды

Опубликовано:

Жәнібек Әлімханұлы1
Фото: instagram.com/janibek_qazaqstyle

Жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлының келесі қарсыласы кім екені белгілі болды. Оған қоса, спортшының кезекті жекпе-жегінің өтетін орны мен датасы да жария етілді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Boxingscene.com сайтының жазуынша, Әлімханұлының оппоненті – WBA нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлемнің "тұрақты" чемпионы, америкалық Роб Брант (26-2, 18 КО).

Орта салмақтағы кездесу 10 раундқа жоспарланған және ол 26 маусым күні Лас Вегаста (АҚШ) Василий Ломаченко — Масаеси Накатани бокс кешінің андеркардында өтеді.

Еске салайық, Жәнібек Әлімханұлы соңғы рет рингке 2020 жылдың қазанында шықты. Ол екінші раундта аргентиналық боксшы Гонсало Кориюды (16-4, 6 КО) нокаутқа жіберді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1913192-zanibek-alimxanulynyn-kezekti-zekpe-zeginin-datasy-qarsylasy-anyqtaldy/

pixel