Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қара күшке ие қазақ жігіті көлікті тіспен тартып сүйреді

Опубликовано:

Спортшы
Кадр: "Хабар 24"

Қалың қазақ Қажымұқанның ізбасары деп танитын Тимур Спатаев көлікті тіспен тартып сүйреді деп хабарлайды "Хабар 24".

Ол Қарағандыда 3 тонналық джипті тіспен тартып, 30 метр жерге дейін апара алған.

Қара күш иесі жол талғамайтын көлікті ғана емес, оның қапталындағы тағы екі көлікті қос шынашағымен тартып қоса сүйреді. Мұндай тәуекелге елде әлі ешкім барып көрмеген.

Спортшы "бұл рекордты ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына арнадым" дейді.

Еске салсақ, бұған дейін Шымкентте атақты балуан Қажымұқан Мұңайтпасовтың 150 жылдығына орай спорттық шара өткенін жазған едік.

Оның барысында қол күрестен Қазақстан және Азия чемпионы Темір Спатаев салмағы 400 келі болатын түйені көтеріп, елді тәнті еткен болатын.

Айта кетейік, Темір Спатаев - қол күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Азия чемпионы, сондай-ақ Қазақстанның 5 дүркін чемпионы.

Сонымен қатар бірнеше дүркін рекорд иесі. Ол Францияда, Германияда, Өзбекстанда және Ресейде өнер көрсетіп жүр.

Одан бөлек, қазақстандық спортшы таға майыстырудан әлемдік рекорд орнатқанын жазған болатынбыз. Атақты балуан Қажымұқан Мұңайтпасовтың туғанына 150 жыл толғанына орай қазақстандық спортшы Сергей Цырульников таға майыстырудан 7 сәуір күні әлемдік жаңа рекорд орнатты. Ол 37 секундта 4 темір тағаны майыстыра алған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1913453-qara-kuske-ie-qazaq-zigiti-kolikti-tispen-tartyp-suiredi-video/

pixel